ТУЛУЗА: Бүгін бүкіл әлемдегі ең үлкен жолаушы ұшағы алғашқы сынақтан өтеді. A380 аэробусы – Францияның оңтүстігіндегі Тулуза қаласында құрастырылып шығады. Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, алып жолаушы ұшағының алғашқы әуеге көтерілуін 50 мың адам қызықтап, тікелей телеарнадан көрсетілетін болады. Жаңа аэробус әуеге бір мезгілде 800 жолаушыны алып ұша алады.