Ирақ соңғы 50 жылдың ішінде ел үкіметін демократиялық жолмен сайлады

Ұлттық Ассамблея бүгін премьер-министр Ибрахим әл-Жаафари жасақтаған үкімет құрамын мақұлдады.

- Кабинетті жасақтау үшін көп-күш жігер жұмсалды, көп сөз айтылып, тер төгілді, көз жасы да болды. Біздің адамдар сізге сенім артқан кезде сіз оны ақтап, жауапкершіліктен шығуға тырысасыз,- деп атап көрсеткен.

Ұсынылған министрлер тізіміне парламент мүшелерінің көпшілігі жақтап дауыс берген. Дегенмен де, министрлердің барлығы бірдей белгілі болған жоқ, Мұнай және Қорғаныс министрлерінің портфелі кімдерге бұйыратыны әзірге шешілген жоқ.