Қ.Тоқаев: Қазақстан Қырғызстанға қайырымдылық көмек беруге дайын.

АСТАНА: Кеше Қырғызстанның сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Роза Отынбаева алдын-ала жарияламай Қазақстан Астанасына сапарға келді. Осы күні ол Қазақстан премьері Д.Ахметовпен және Қазақстанның сыртқы істер министр Қ.Тоқаевпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қ.Тоқаевтың атап көрсетуінше, ресми Астана Бішкекке қайырымдылық көмек беруге дайын.