Қытайда сапарда жүрген Тайванның басты оппозициялық партиясының жетекшісі Лин Чан бүгін өзінің туған қаласы Сиянда болды

Кеше ол Қытай президенті Ху Жинтаомен кездесіп, әңгімелескен болатын.

- Сиянь - менің туған және балалық шағым өткен жер. Мен бұл қаладан 8 жасымда кеттім. Балалық дәурен - адамның ең қымбат кезеңі, - деп еске алды Лин Чан.

Тайвань оппозициясы жетекшісінің Қытай президентімен кездесуі - соңғы 60 жылдағы тұңғыш оқиға. 1949 жылы Қытайды өз бақылауларына алу үшін өзара соғысқаннан бері Тайвань тәуелсіз ел болғысы келеді, ал Қытай оны өз территориясының бір бөлшегі ретінде қарастырады.