Р.Т.Эрдоган: “Түркия Израиль-Палестина жанжалын басу мәселесінде дәнекер болуға дайын”.

ТЕЛЬ-АВИВ: Бүгін Түркия премьері Р.Т.Эрдоган Израиль президенті Моше Кацавпен Тель-Авивтегі келіссөзі барысында Израиль-Палестина жанжалын басу мәселесінде Анкара “Таяу Шығыс аймағындағы бейбітшілік кепілі” болуға дайын деп мәлімдеді. Кейінірек Р.Т.Эрдоган Израиль премьері Ариэль Шаронмен келіссөзге отыруға тиіс. Тель-Авивке сапары алдында Р.Т.Эрдоган еврей елімен арадағы қатынасын жақсарту үшін баратынын мәлімдеген болатын. 1996 жылдан бері өзара тығыз әскери және сауда қатынасында болған Тель-Авив пен Анкараның арасы Р.Т.Эрдоганның Тель-Авивті “мемлекеттік терроризм саясатын” іске асырып жатыр деп айыптауынан соң суып кетті.