Тәжік оппозициялық партиясы Қоғамдық кеңес құрамынан шықты

Елбасы Рахмонов басқаратын бұл кеңестен шығу себептерін Демократиялық партия өкілдері өз басшылары Махмадрузи Искандаровтың қамауға алынуына наразылық ретінде түсіндіруде. Ресми билік оны лаңкестік әрекеттерге қатысы бар, заңсыз түрде қару иемденген және заңсыз қаржыны тазартуға тырысқан, деп айыптап отыр.