Кеше премьер-министр Ибрахим әл Жаафари бастаған Ирақтың жаңа үкіметі ант қабылдады

Дегенмен бес министр мен бас министрдің екі орынбасарының орынтақтары кімдерге бұйырары әлі белгісіз. Барлығы 27 министр мен премьер-министрдің өзі және төрт орынбасардың күрд пен шиит өкілдерінен тағайындалған екеуі ант берді. Ирақ президенті Жалал Талабани салтанат үстінде бұл күнді "тарихи сәт" деп атап, жаңа үкімет жұмысына табыс тіледі.

- Біз осынау тарихи күнде Ирақтың тұңғыш сайланған үкіметін, демократиялық жағдайда сайланған Ирақтың Ұлттық ассамблеясы мақұлдаған - бірінші үкіметті жариялап отырмыз. Мен бұл күні барлық Ирақ халқына алғыс айтып, құттықтай отырып, Ибрахим әл Жаафари кабинеті табысты жұмыс істеп, өз жауапкершіліктері үдесінен шығады ғой деп үміттенемін, - деді Ирақ президенті Жалал Талабани.

Бұл күні де Ирақтың кейбір жерлерінде көтерілісшілердің шабуылдары толастаған жоқ. Рамади қаласында 12 күдіктелген көтерілісші мен бір Ирақ солдаты және екі ирақтық опат болған.