Бүгін Ирақта бүлікшілдер шабуылынан 22 адам қаза тапты

Ал бір күн алдыңғы жанпидашы бомба жарылысынан солтүстіктегі Арбил полиция кеңсесі алдында 50 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жарақат алған болатын. Бағдадтағы бұрынғы Мутана әуе алаңында әскерге алу орталығында жанкешті жарған бомбыдан кемінде 13 адам қаза тапты.

Ал бүгін таңертең қаланың екі ауданында полиция күзетіне жасалған шабуылдан тоғыз офицер қаза тауып, көліктері өртенген.