Түркия сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл Анқара Қырғызстанның жаңа үкімет басшылығының саясатын қолдайды деді

Абдұлла Гүл бұл жөнінде бүгін Бішкекте өз әріптесі Қырғызстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Роза Отынбаевамен кездескенде айтты.

- Мен бұл кезеңде Қырғыз-түрік байланыстарының нәтижелі, маңызды боларына сенімдімін. Ондай қарым-қатынас Орта Азиялық басқа мемлекеттерге үлгі болады, - деді Түркия сыртқы істер министрі.

Абдұлла Гүл Бішкекке бейсенбіде 2 күндік сапармен келген еді. Министр өзімен бірге ізгілік жәрдемін де ала келді. Бұл сапар кезінде өзара ресми келісімдерге қол қойылмады.