Ирақтағы жарылыстан 7 адам опат болды

БАҒДАД. Бүгін Бағдадтың орталығында орын алған жарылыстан кемінде 7 адам қаза болып, 16 адам жарақат алды. Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бомба АҚШ-тың әскери көлігі өтіп бара жатқан кезінде жарылған.