Өзбекстанда сотқа қарсы наразылық акция өтті

ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанның Андижан қаласында 100-ге жуық адам сотқа наразылық білдіріп көшеге шықты. Наразылық танытушылар заңсыз Исламшыл тобына мүше болған деген күдікпен тұтқынға алынған 23 адамның сотына қарсы.