ТЕҺРАН. Әзірбайжанның қорғаныс министрі Сафар Әбиев Иран Ислам Республикасының қорғаныс министрі Әли Шамханимен келіссөз өткізу үшін бүгін Теһранға сапарға барады. Екі елдің қорғаныс министрлері екі жақты қарым-қатынастардың ауқымын кеңейту, оның ішінде әскер саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талдамақшы. Келіссөз барысында Таулы Қарабах маңайындағы әзірбайжан-армян жанжалы да сөз болуға тиіс.