Индонезияда тағы бір қуатты жер сілкінісі болды: адам шығыны жайында ақпар жоқ

ДЖАКАРТА. Бүгін Индонезияға қарайтын Суматра аралының жағалауында тағы бір қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты қозғалысының қуаты Рихтер өлшемі бойынша 7 балға жақын болған. Адам өлімі жайында әзірше мәлімет жоқ. Сейсмологтардың деректері бойынша, бүгінгі жер сілкінісі терең мұхит түбінде болғандықтан, ол зор теңіз толқыны – цунами туғызбаған. Соңғы айларда Инданезияны бірнеше дүркін жер сілкінісі шайқады. 26 желтоқсандағы зілзала мен одан туған цунамиден Тынық мұхиты жағалауындағы елдерде 200 мыңнан астам халық қырылған болатын.