"Хизб ут-Тахрир" Әндіжандағы көтеріліске қатысымыз жоқ дейді

"Хизб ут-Тахрир" ислам ұйымы Өзбекстандағы көтеріліске қатысымыз жоқ деп, президент Ислам Кәрімов айтқан сөздерді жоққа шығарды. "Хизб ут-Тахрир" ұйымының Лондондағы өкілі Ирман Уахид "Азаттық" радиосына былай деді:

- Өзбекстанда жағдай нашарлаған сайын Кәрімов өзінен басқа кез-келгенді кінәлауға құмар. Өзбекстандағы жағдай, орын алған көтеріліс Өзбекстан мұсылмандарына қарсы жүргізіліп отырған қанаушы биліктен, зорлық-зомбылықтан болды. Қақтығысқа Кәрімов айыпты.

Мәліметтерге қарағанда, тек ғана Әндіжан және Қарасу емес, басқа елді мекендердің тұрғындары да көршілес Қырғызстанға өтуге кеше әрекет жасады. Алайда, олардың басым көпшілігі кері қайтарылды.