С.Осетияның соты “Беслан трагедиясына” қатысып аман қалған жалғыз лаңкестің ісі бойынша айыптау қорытындысын оқып аяқталды

ВЛАДИКАВКАЗ. Бүгін Солтүстік Осетияның Жоғарғы сотында Беслан мектебіне жасалған шабуылға қатысып аман қалған жалғыз лаңкес - Нұрпаша Кулаевтың қылмыстық ісі бойынша айыптау қорытындысын оқу аяқталды. Н.Кулаев өзіне тағылған бірде-бір айыпты мойнына алмайды. Сот процесінде 26 мамырға дейін үзіліс жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, өткен жылдың қыркүйегіндегі “Беслан трагедиясында” 330 адам қаза болды.