Астанада ТМД елдері қауіпсіздік қызметтері басшыларының жиыны өтті

Бүгін Қазақстан астанасында өткен ТМД елдері қауіпсіздік қызметі басшыларының мәжілісінде Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Николай Патрушев террорға қарсы күресті үйлестіру - ең маңызды шара деп атап өтті. Ол жақында орын алған әлемдік оқиғалардың бәрі де террорға қарсы күш-жігерді ұлғайту қажеттігін көрсетті дей келе, лаңкестерге қатысты деректердің ортақ базасын жасауға шақырды.

- Кеңес мүшелеріне террорлық тұрғыда қылмыс жасаған адамдардың барлық деректері жинақталған ортақ мәліметтер базасын жасау жөніндегі хаттама жобасын қарау ұсынылды, - деді ол.

Қазақстан астанасындағы бас қосуда ТМД елдері барлау қызметтерінің өзара іс-қимылдарын жетілдіре түсу жолдарына басты назар аударылуда.