АҚШ Әзірбайжанда оппозиция белсенділерінің тұтқындалғанына алаңдаушылық танытты

Хабарларға қарағанда, Әзірбайжанда оппозиция белсенділерін тұтқындау жалғасуда. АҚШ жақында сенбіге жоспарланған үкіметке қарсы митингілер алдында 30-шақты оппозиция өкілінің ұсталып, тұтқындалғанына алаңдаушылық білдірген. Бұл жөнінде Бакудегі АҚШ елшілігі жариялаған мәлімдемеде айтылған.