Ауғанстан президенті Хамид Карзай Ауғанстанда АҚШ әскерінің қамаудағы адамдарды қинағаны туралы мақаланы оқып, қатты аңтарылып қалды

КАБУЛ. Осында өткізген баспасөз-маслихатында Хамид Карзай АҚШ әкімшілігін қамаудағы адамдарды қинаған әскери қызметкерге қарсы қатты шара қолдануға шақырды. Жұма күні “Нью-Йорк Таймс” газеті 2002 жылы Баграм әуе базасында екі ауғандықтың өліміне қатысты қылмыстық тергеу туралы құжатқа сілтеме жасап, бұл айыптаулар туралы жазған екен. Ауғанстан президентінің Вашингтонға сапары дүйсенбіге жоспарланған.