Палестина президенті Махмұд Аббас АҚШ ресми басшылығымен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға аттанды

Махмұд Аббас Ақ үйде президент Бушпен кездеседі. Бұл сапарға шығар алдында Рамаллада баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында Махмұд Аббас:

- Өткен 4 ай ішінде орын алған жағдайлар бойынша біз талап ететін бірқатар мәселелер бар. Американдықтар саяси экономикалық мәселеде бізбен кеңесе жұмыс атқарғаны жөн болар еді. Бұл - бейбітшілік жолындағы жол картасына қатысты жағдай, - деген болатын.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс, Вашингтондағы Израилшыл лоббистерге президент Буш Аббасқа Палестинадағы демократия жөнінде арнайы ескертетін болады дегенді айтты. Сондай-ақ, Аббастан бүлікшілдерге қарсы күресу де талап етіледі деді Райс ханым.