Сауд Арабия королі Фахд дәрігерлік тексеруден өтуге ауруханаға түсті

Сауд королінің жасы жетпістен асқан. Патша сарайының мәлімдемесінде осы елдің азаматтарын патшаның денсаулығы жақсаруын тілеуге шақырған. Сауд үкіметі патшалықты кез-келген жағдайға әзір болуға дайындаған, дегенмен де İшкі істер министрлігі төтенше жағдай жарияланған жоқ деп айтқан.

1995 жылдан бері тақ мұрагері ханзада Абдулла іс жүзінде Сауд Арабиясын басқарып келеді.