Бүгін Ирақ сыртқы істер министрінің Вашингтонға сапары басталады

ВАШИНГТОН. Бүгін Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари Вашингтонға келеді. Бұл сапары барысында Зебари АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездеседі. Франс-Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зебари мен Райс ханым Ираққа қосымша көмек беру мәселелерін талқылайды. Ирақ министрі кеше Нью-Йоркте БҰҰ-ның Кауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысып, шет ел күштерінің Ирақта одан әрі қала беруін ресми түрде сұраған.