Кувейт әйелдерінің сайлау және сайлану туралы жаңа саяси құқы тек 2007 жылы ғана күшіне енеді

ӘЛ-КУВЕЙТ. Бүгін Кувейттің ер азаматтары бірыңғай ерлер дауыс бере алатын ең соңғы сайлауда муниципалдық кеңестің мүшелерін сайлайды. Бүгін муниципалитеттің 10 депутаты сайланбақшы. Кеңестің қалған 6 мүшесін Кувейт әмірі Шайх Жәбір Әл-Аһмад Әс-Сабаһ тағайындады. Өткен мамыр айында Кувейт парламенті әйел азаматтарына билік тетіктеріне сайлау және сайлану құқын берді. Алайда, әйелдердің жаңа саяси құқы тек 2007 жылғы парламент сайлауында ғана өз күшіне енеді.