Жеңіс алаңына жиналған олар «Еркін сайлау», «Азаттық» деп ұрандатып тұрды. Оппозиция шеруін коалициядағы Мусават, Реформашылдар Майданы және Әзербайжан Демократиялық партиясы ұйымдастырды. Бұл шеру тыныштау өткенімен, мамырдың 21-і күні өткен ереуіл кезінде полиция және шерушілер арасында қақтығыс болып, оппозициядан 75 белсенді тұтқындалған еді.