Пәкістан әл-Қаида ұйымына қатысы бар деп күдіктелген адамды АҚШ-қа тапсырды

ИСЛАМАБАД. Бүгін Пәкістанның ресми өкілі әл-Қаида ұйымына қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынған Абу Фарраж әл-Либбиді Пәкістан Америка Құрама Штаттарына тапсырды деген хабарды растады. АҚШ-тың айтуынша, әл-Либби әл-Қаида ұйымының үшінші деңгейдегі жетекшісі.