КИЕВ. Украинаның бұрынғы премьер-министрі әрі өткен президент сайлауында президент лауазымына үміткер болып дауысқа түсукен В.Янукович ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеушілерінің сұрақтарына жауап берді. Экс-премьер Донецк қаласының әуе жайына қажетті жабдық сатып алуға бюджеттен заңсыз қаржы бөлу жөніндегі іс бойынша куәгер ретінде тергеуге шақырылды. В.Янукович өзін тергеуге шақыруды «саяси тапсырыс» деп бағалады.