“G-8” елдерінің саммиті мәселелерін Римде Ресей мен Италия өкілдері де өзара талқылайды

РИМ. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров “Үлкен сегіздікке” (G-8) кіретін елдердің жоғары дәрежедегі бас қосуына дайындық мәселесі бойынша бүгін Италияға сапарға келуге тиіс. Сапар барысында ол Италия премьер-министрі Сильвио Берлусконимен және сыртқы істер министрі Джанфранко Финимен кездеседі. “Үлкен сегіздік” басшыларының кездесуі келесі айда Шотландияда өтуге тиіс.