Европа парламенті Әндіжандағы ереуілге шыққан бейбіт халықты оқ атып басқан Өзбек үкіметін жауапкершілікке шақырды

Европа парламенті мұнымен қатар 13 мамырдағы қантөгіс оқиғасына тәуелсіз тергеу жүргізілуі керектігін талап етті. Европалық заң шығарушылар жүздеген адамның өмірін алып кеткен оқиғаны «Әндіжан қырғыны» деп атап, Өзбек үкіметінің адам хұқтарының белсенділері мен тәуелсіз журналистерді, оппозиция өкілдерін қудалап, тұтқындауын тез арада тоқтатуға шақырды.

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов халықаралық қауымдастықтың Әндіжанда орын алған оқиғаларға тәуелсіз тергеу-тексеру жүргізілсін деген талабына құлақ аспай отыр. Ресей мен Өзбекстанға көршілес бірқатар елдер Кәрімовтың ұстанымына қолдау танытады.