Армения сыртқы істер министрі өз елінің Түркиямен арадағы пікірталастарында бір мәмілеге келуге АҚШ-тың көмектесуін өтінді

Сыртқы істер министрі Вартанян Осканиян АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуден кейін, Түркияның шекарасын қайта ашып, Армения елімен қалыпты сауда қарым-қатынастарын жаңғыртуына АҚШ-тың ықпал етуін сұраған. Армения мұндай өтінішті Европа Одағына да айтып отыр.

Түркия өзінің Армениямен шекарасын 1993 жылы Таулы Қарабақ жанжалы өріс алған кезде жауып тастаған еді.