М.Тайсон кәсіпқой бокстан біржола кетпекші

ВАШИНГТОН. Кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Майк Тайсон кезекті жекпе-жегінде “техникалық нокаутпен” жеңіліп қалды. Кеше Вашингтонда оны аты көпке бейтаныс, ирландиялық боксшы Кевин Мак-Брайд кездесудің 6-ны раундында ұрып жықты. Осы кездесудің артынша Майк Тайсон спортты тастайтынын мәлімдеді. Алдағы шілде айында ол 39-ға толады.