Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі

МӘСКЕУ. Кездесу барысында Ресей және Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасы мен шілде айында өтетін “Үлкен сегіздік” елдері басшыларының басқосуына дайындалу мәселелері талқыланады. Тони Блэр Мәскеуден кейін Германия канцлері Герхард Шредермен Еуроодақ конституциясына байланысты келіссөздер өткізу үшін Берлинге аттанады.