Үндістанның Кашмирінде тағы террористік қастандық ұйымдастырылды

СРИНАГАР. Бүгін Үндістанның Кашмир штатында автокөлікке орнатылған бомба іске қосылып, жанпидашыл-лаңкестің өзімен бірге кем дегенде 5 адам қаза болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 20-дан аса кісі жараланған. Пульвама елді-мекеніндегі бұл автобомба пошта бөлімшесі, орта мектеп және қауіпсіздік күштері шоғырланған аумақта жарылып, көрші ғимараттар мен дүкендерге нұқсан келді. Бұл қастандықты әзірше ешбір ұйым өз жауапкершілігіне алған жоқ.