Еуроодақ өз бюджеті мен келешегін талқыламақшы

БРЮССЕЛЬ. Бүгін Еуроодақ басшылары Брюссельде бас қосып, одақтың ұзақ мерзімдік бюджеті туралы талқылайды. Сонымен қатар, Франция мен Голландия одақтың Конституциясын қабылдамаған соң, екі күнге созылатын бұл басқосуда Еуроодақтың келешегі туралы да сөз болады.