Иранның плутонийді қайта өндеуді тоқтатқанына байланысты қарама-қайшы деректер бар

ВЕНА. Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттіктің баяндамасында Иранның плутонийді қайта өндеуді бірнеше жыл бойы жалғастырып келгендігі туралы айтылған. Агенттік басшысының орынбасары Пиер Голдшмит Иран 1998 жылға дейін плутонийді қайта өңдегенбіз деп мойындады деген. Бұл деректер бұдан бұрын Иранның 1993 жылы, демек әлгі уақыттан 5 жыл бұрын бұл тәжірибені тоқтаттық деген мәлімдемесіне қайшы келіп тұр.