Оңтүстік Кореяның өзара қосылу жөніндегі министрі Чон Дон Вон, Солтүстік Корея жетекшісі Ким Жоң Ил ядролық бағдарлама жөніндегі халықаралық келіссөздерге дайын екенін айтты

Дегенмен оның ұсынатын бірқатар шарттары бар көрінеді.

- Солтүстік Корея елбасының айтуынша, егер АҚШ Солтүстік Корея елін өзара әріптес ретінде сыйлайтын болса, онда алты жақты келіссөздерге алдағы шілде айында қайта оралмақ, - дейді министр Чон Дон Вон.