Жұма күні өткен Ирандағы президенттік сайлауда алғашқы болжамға қарағанда, бұрынғы президент Әкбар Хашеми Рафсанжани мен реформашыл үміткер Мұстафа Мойл алда келеді

Президенттік бәсекеге 7 үміткер қатысты. Алғашқы болжамға қарағанда, Иранның бұрынғы президенті Әкбар Хашеми Рафсанжани мен реформашыл үміткер Мұстафа Мойл алда келеді. Егер олар 50 пайыздық межеге жете алмаса, онда сайлаудың екінші айналымы өтеді.