Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев сенбі күні Бішкекте болған тәртіпсіздіктерге өзінің және отбасының қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

- Бішкекте болған оқиғаға балаларымның да, күйеу баламның да ешқандай қатысы жоқ. Біз қазір Ресейде тұрамыз, - деді А.Ақаев.

Бұғын дейін Қырғызстан Президенті міндетін атқарушы Құрманбек Бақиев, ол оқиғаларды Ақаевтың жақындары Қазақстаннан ұйымдастырған деп айыптаған болатын.