Палестинадағы Исламдық Жихад тобының жауынгерін Израйль тарапы өлтірмекші болған

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрі Гидеон Езраның айтуынша, Исламдық Жихад жауынгеріне сейсенбі күні әуеден жасалған шабуыл сәтсіз болған екен. Өткен жылы Израйль тарабы “нысанаға ілінген” деп өздері атаған бірнеше жоғары лауазымды Ислам жауынгерлерін өлтірген болатын. Ал, Палестина өкіметі болса елбасы Махмуд Аббас пен Израйль өкімет басшысы Ариель Шарон кездесуіне орай, “аз ғана ілгерілеушілік болды” деп, өздерінің көңілі толмағанын білдірді.