Владимир Путин, Ресей мен НАТО бірлесіп Ауғанстан мен Орталық Азиядағы есірткі саудасына қарсы күресуі тиіс деген ойын айтты. НАТО басшысы Схеффер, ұйым Әндіжандағы көтерілісті қантөгіспен басқан Өзбекстан үкіметіне аса алаңдаулы екенін жеткізді. Схеффер ол оқиғаны халықаралық ұйымдардың қатысуымен тергеуге кезекті рет тағы да шақырды. Әндіжандағы қантөгісті оқиғаға байланысты Ресей Өзбек үкіметінің іс-қимылын қолдайды.