Сталин саяжайы 10 миллион долларға сатылды

Совет көсемі Иосиф Сталинның Абхазиядағы демалыс үйі 10 миллион долларға сатылып кетті. Қара теңіз жағалауындағы үйді кім сатып алғаны белгісіз. Мәліметтерге қарағанда, бұл Ресей қаржы алпауыты Олег Дерипаска болуы мүмкін. Бұл үй – Сталинның ең ұнататын демалыс үйі болған. Жылдар бойы қаралмаған соң үй әбден тозып кеткен екен.