Бүгін Қытай президенті Ху Жинтао Ресейге өзінің төрт күндік сапарын бастайды

Сапар барысында екі елдің арасындағы энергия және қорғаныс мәселелері талқыланатын болады. Қытай президенті Ху Жинтао Ресей мемлекет басшысы Владимир Путинмен және басқа ресмилермен кездеседі. Ол шілденің үшінде Қазақстанға аттанардан бұрын Ресейдің Новосібір қаласына барып, осында Ресей мен Қытай губернаторларының конференциясына қатысуы тиіс.