Бүгін Ұлыбритания алдағы алты ай бойы Европа президенті міндетін атқаруға кірісті

Ағылшынның сыртқы істер министрі Джек Строу Британия өзінің Европа одағындағы президенттік мерзімін Одақ бюджетінің қабылдануында табыстарға жетуге арнайды деп атап көрсетті. Британияның Одақ президенті ретінде бетпе-бет келетін мәселесінің бірі ол - Франция мен Нидерланды Конституцияны мақұлдамағаннан кейінгі жерде Одақтың өз ішінде қалыптасқан күрделі жағдай.