ЛЮКСЕМБУРГ. Жексенбі күні Люксембургте Еуроодақтың жаңа конституциясына байланысты референдум өтті. Референдум қорытындысына сәйкес, 56.5 пайыз адам конституцияны қолдап дауыс берген. Сонымен Люксембург жаңа Ата заңды қабылдаған 13-ші ел болды. Естеріңізге сала кетсек, Франция мен Голландия Еуроодақтың жаңа конституциясын қабылдамаған-ды.