Әзірбайжанда оппозиция шеру ұйымдастырды

БАКУ. Жексенбі күні Әзірбайжан астанасы Бакуда мыңдаған адам шеруге шықты. Шерушілер қараша айындағы парламент сайлауы әділ өтсін деп талап қойды. Бұл шараны оппозициялық Азаттық блогы ұйымдастырды.