Бүгін Сребреница қырғынының 10 жылдығы атап өтіледі

СРЕБРЕНИЦА. Бұдан 10 жыл бұрын, яғни 1995 жылы шілде айында Боснияның Сребреница анклавында кемінде 7000 мұсылман өлтірілген болатын. Бүгін сол күннің 10-жылдығы атап өтіледі. 50000- ға жуық адам, оның ішінде Сербия президенті Борис Тадич аза тұту рәсіміне қатысады.