Боснияда бүгін Сребреница қырғынының 10 жылдығын атап өту үшін 50 мыңдай адам жиналды

1995-ші жылдың шілдесінде Сребреницада 8 мыңнан аса ерлер мен балалар өлтірілген болатын. Сол кездері БҰҰ қолдауында болған Сребреницаға Босниялық серб қарулы көтерілісшілері келіп, осы қырғынды іске асырған еді. Поточари қаласының жанындағы жаңа қабірстанда шәйіт кеткен сол азаматтардың 1300-інің денесі жатыр. Ал, бүгінгі еске алу барысында тағы 600 марқұмның жақында табылған денелері қойылатын болады. Жиынға сол қырғыннан аман қалғандар, жергілікті қонақтар мен бірнеше мемлекет басшылары қатысуда. Серб ұлтшылдарының ескертуіне қарамастан мұнда Сербия елбасы Борис Тадич те келді.