Жаңа сайланған қырғыз президенті сайлау алдында берген уәделерін орындай ма?

БІШКЕК. Бүгін Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Қ.Бәкиев өзінің саяси одақтасы Ф.Куловты премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындады. Қ.Бәкиев пен Ф.Куловтың өзара келісіміне сәйкес, Ф.Кулов президент сайлауына түсуден бас тартып, ал Қ.Бәкиев пезидент сайлауында жеңіске жеткен жағдайда, Ф.Кулов премьер-министр болып тағайындалуға тиіс болатын. Ал Қ.Бәкиев – жексенбі күні болып өткен президент сайлауда басым дауыспен жеңіске жетті. Ол президент лауазымына ресми түрде тамыз айында отыруға тиіс. Бүгін Қ.Бәкиевті президент болып сайлануымен Қазасқтан президенті Н.Назарбаев құттықтады.