Ливанның қорғаныс министрі өзіне жасалған қастандықтан жараланып, емхана жеткізілді

БЕЙРУТ. Бүгін Бейрут қаласының іргесінде болған жарылыстан Ливанның қорғаныс министрі Ільяс Әл-Мурр жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, жол шетінде жарылғыштар орнатылған автокөлік Әл-Мурр отырған автокеруен өтіп бара жатқан сәтте іске қосылып, кем дегенде 2 адам қаза болып, 12-ден астам кісі жараланған. Денесі күйген және қолынан жараланған министр емханаға жеткізілді. Әл-Мурр – Ливан президентінің туысы болып табылады, екеуі де Сирияны қолдайды. Президент пен қорғаныс министрі – Ливанда жаңа үкімет жасақталғанға дейінгі уақытша үкіметтің құрамдас бөлігі болып отыр. Сирия бұл оқиғаны террористік шара деп бағалап наразылығын білдірді.