Сиқыршы бала Гарри Поттер туралы ертегінің 6-ншы кітабы саудаға түсті

ЛОНДОН. Жұмадан сенбіге қараған түн ортасында сиқыршы бала Гарри Поттердің бастан кешкен шым-шытырық оқиғасы туралы ертегінің алтыншы кітабы Лондонның кітап дүкендерінде сатыла бастады. Эдинбург қаласындағы зәулім сарайда жеткіншектердің сүйіп оқитын осы ертегінің авторы Джоан Роулинг:

- Мен сендерге кітаптың 6-ншы тарауынан үзінді оқып бермекпін. “Бұл керемет болды” деп тіл қатты Рон. Ол Гарримен екеуі дүкенге қарай аяңдады. Дүкенді жұрт қоршап алыпты. Гарри кітап сөрелеріне жете алмады, - деп, соңғы кітабынан оқығын үзінді теледидардан көрсетілді.

Англия мен әлемнің басқа 15 елінде жас оқырмандар жұмадан бері кітап дүкендеріне кезекке тұрды. Бүкіл әлемде кітаптың 10 млн. данасы сатылатын сияқты.