Қытай мен Түркменістан арасындағы мұнай және газ саласында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

АШХАБАТ. Қол қою рәсімі Қытай вице-премьері У И-нің Ашхабатқа сапары барысында жүзеге асты. У И ханым президент Сапармұрат Ниязовпен кездесіп, Түрменістан Қытайдың “шын досы және сенімді серіктесі” деді. Ал өз кезегінде Ниязов мырза Түрменістанның мұнай өндірісінің дамуына үлес қосқаны үшін Қытайға алғыс айтты.