У.Бернс АҚШ-тың Ресейдегі жаңа елшісі болмақшы

ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Джордж Буш АҚШ-тың Ресейдегі елшісі лауазымына дипломат Уиллиям Бернстің кандидатурасын ұсынды. Егер АҚШ Сенаты Бернсті мақұлдаса, онда 2001-ші жылдан бері АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі болып келген Александр Вершбоудың орнына отырады.